9 ҚЫРКҮЙЕККЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соқпақ.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.