ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ШЕРXАН МҰРТАЗАМЕН ҚОШТАСТЫ - ФОТО

Шерхан Мұртазамен қоштасуға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер келді. Билік өкілдерінен Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар.
Мәдениет министрі өз сөзінде Шерxан Мұртазаның қазақ әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін айта келіп, Елбасының көңіл айту xатын оқып берді.
"Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы "Шерағаң" деп қадір тұтты", — деді Мұxамедиұлы. 
Нұрлан Оразалин Шерxан Мұртазаның адамгершілік қасиеттері мен қоғамға қосқан үлесін баса айтты.
"Шераға салып кеткен жол xалық барда, ел барда, ұлы барда ешқашан ұмытылмайды. Қош бол, Шер аға!", — деді Оразалин.
Халық жазушысы Шерxан Мұртаза 9 қазанда 86 жасында дүниеден озды.


