Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛМАҚ

МҰҒАЛІМ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛМАҚ

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауы халықтың әл-ауқатын көтеру мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды одан әрі жақсартуға, әлемдегі дамыған елдер қатарына кіру үшін қойылған нақты міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Соның ішінде білім саласына және ұстаздарға аса мән берілді.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды» деп атап өтті. Бұл бағытта білім беру жүйесін жақсартып, дамыту бойынша біздің мектепте түрлі шаралар қолға алынды.
Жолдауда Елбасы мұғалім мәртебесіне баса назар аударды. Айталық, білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтін, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санады. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс.
Жалпы, еліміздегі мұғалімдерді қолдау – бұл саналы және білімді ұрпағының болашағына деген қамқорлықтың көрсеткіші. Мұғалімдер беделін өсіру, оқытушы мамандығының абыройын көтеруге, ең алдымен ұстаз біліктілігін жетілдіруге ынталандыруға, өзін-өзі жетілдіруге және оқытудың үздік әдістерін меңгеруге ықпал етеді.
Ақару ӘБДУМӘЛІКҚЫЗЫ,
Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
16 қазан 2018 ж. 1 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам