ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮЙЕ ПАЛУАНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ
Жалағаш кенті, орталық стадионда мемлекет және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойы және ырыс пен берекенің бастауы "Алтын дән" мерекесі аясында қазақ күресінен түйе палуандар сайысы өтті.
Сайысқа Шымкент, Алматы қалаларынан, Қызылорда облысынан 12 палуан қатысты.
Жарыс нәтижесінде қармақшылық Еламан Ерғалиев І орынды (2 млн теңге) иеленсе, Арал ауданынан келген Нұрым Сәлімгереев жүлделі ІІ орынды (500 мың теңге), Қызылорда облысынан қатысқан Мақсат Исағабылов ІІІ орынды (300 мың теңге) иеленді.
Жарыс жеңімпаздары диплом және қаржылай сыйлықтарға ие болды.