ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВ – ТЕКЕЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
Қызылордада Халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир өтті. Оған Өзбекстан Республикасынан және Павлодар, Қызылорда облыстарынан 14 палуан қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының спортшылары жақсы өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, қармақшылық, биылғы жылғы Қазақстан барысы Еламан Ерғалиев бас жүлдені иеленіп, оған 1,5 млн.теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орынға ие болған палуан қызылордалық Мақсат Исағабыловқа 700 мың теңгенің, үшінші орынды еншілеген қармақшылық Марат Баймахановқа 500 мың теңгенің сертификаттары берілді.
Жеңімпаз және жүлдегерлер Текей Қарпықұлының атындағы қоғамдық қордың ақшалай сыйақыларымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.