Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    Оқу орталығында 3 дәрісхана, көрме залы және 2 конференц-зал, сырттан келген қатысушыларға арналған хостел мен асхана бар. Аталмыш ұйым семинарлар, турнирлер және басқа да білім беруге қатысты іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Қызылордада «ЖанАрай» ЖШС-де ашылған оқу орталығы мен қонақүй кешенінің ашылу салтанаты өтті. Еске салайық, «Жан Арай» ЖШС-нің зауыты  үй жануарларына арналған азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады. Ал 2016 жылы кәсіпорында қаз фермасы ашылған болатын. Қазіргі уақытта, агрокешен 250 ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, тәулігіне 150 тоннаға жуық күріш, 170 тонна ұн мен 80 тонна жем өнімдерін өндіруде.
  «ЖанАрай» мекемесі –  заманауи талаптарға сай ауқымды агроиндустриялық кешен. Бүгінгі күні оқу орталығы, мейрамхана мен қонақүй ашылып отыр. Бұл өңірдің экономикасына инвестиция салудың және тұрақты жұмыс орындарын құрудың тағы бір жарқын көрінісі»,-деді аймақ басшысы оқу орталығының ашылу салтанатында.
«ЖанАрай» оқу орталығы ғимаратында экран, проектор және басқа да құрылғылармен жабдықталған 80 және 50 адамға арналған 2 конференц-зал, 3 дәрісхана, 200 орындық көрме залы, 50 адамдық хостел және 100 адамға дейін қабылдай алатын асхана бар.
«Мұнда оқу семинарлары мен мастер-кластар, шахмат турнирлері және басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Жақында ауыл әкімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Ауылшаруашылық қызметкерлері үшін кәсіпорында көрнекі тәжірибелік оқулар өткізуге өте ыңғайлы», - деді «Жан-Арай-Жем» ЖШС бас директоры Бақдәулет Махашов.
Айта кетейік, оқу орталығы, қонақүй және мейрамхана кәсіпкердің жеке   қаржысына   салынған.
19 қазан 2018 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам