Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ҚАТЫРУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

ҚАРАТЕРЕҢДЕ БАЛЫҚ ҚАТЫРУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

  Арал ауданындағы Қаратерең ауылдық округінде жеке кәсіпкер Қазына Шаудырбаева өз кәсібін дамыту мақсатында «Ар-М-Кон» ЖШС құрып, балық қабылдау және тоңазыту цехын іске қосты.
Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан басшысы Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, елді мекен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, нысанның салтанатты ашылу салтанатында аудандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов және ауыл ардагері И.Дүйсенғалиевтер сөз алып, кәсіп иесіне сәттілік тіледі.
1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ашылған цехтың жалпы құны 60,0 млн теңгені құрайды. Негізгі жылдық өндіріс қуаттылығы 2500 тоннаны құрайтын цех тәулігіне 4 мұздатқыш камераларының арқасында тәулігіне 15 тонна балықты қатырып, 280 тонна балықты сақтауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, қатырылған, сұрыпталған балықты Қазақстанның өзге аймақтарына, Ресей еліне экспорттауға мүмкіндігі бар. Бүгінде, кәсібі аясында 15 адам жұмыс істесе, маусымдық мезгілде 25 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Айта кету керек, бүгінде балық шаруашылығын ата дәстүрге айналдырып, жарасымды жалғасын үзбей, ата кәсіптен айнымай тіршілік етіп отырған Қаратерең елді мекені жылдан жылға өркендеп, балық шаруашылығын қарқынды дамытуға үлес қосып келеді.
06 желтоқсан 2017 ж. 1 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам