Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҰСТАЗ БАҚЫТЫ – ШӘКІРТ ҚҰРМЕТІ»

«ҰСТАЗ БАҚЫТЫ – ШӘКІРТ ҚҰРМЕТІ»

   Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде электронды есептеуіш машинасының операторы мамандығының №17-4 тобының ІІ курс студенттері ұстаздардың кәсіби төл мерекесіне арнап «Ұстаз бақыты – шәкірт құрметі» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Алдымен, колледж директоры Темірбек Исмайлов ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, бірқатарына Білім және ғылым министрі, облыстық білім басқармасы, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитеті, ҚР БҒМ «Өрлеу» АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және колледж әкімшілігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Тәрбие сағатын топтың белсенді студенттері Аружан Әлімбай мен Әйгерім Есенқұлова жүргізді. Кеш барысында студенттер өнер көрсетіп, ұстаздарға құрмет көрсетті. Топ шебері Айшолпан Нұрмаш, студенті Әлімбай Аружан «Ұстазым» әнін орындады. Бір топ студент өз шығармашылықтарынан ұстаздар қауымына арнап өлең-жыр оқыды. Жас ақындар Аян Иманалиев, Сүйеніш Кәренов ұлағатты мамандық иелеріне өлең шумақтарын арнады. Тәрбие сағаты соңында «Ұстазым» әні хормен шырқалды.
Шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арман Мұсаев қорытындылады. Топ жетекшісі Аяжан Ілиясова, топ шебері Айшолпан Нұрмаш тәрбие сағатының әсерлі әрі қызықты өтуіне үлес қосты.

23 қазан 2018 ж. 1 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 045 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам