ШАҺИЗАДА ЕРКЕ ЕСМАХАНҒА НЕГЕ ӨКПЕЛЕП ЖҮР?
Отандық әнші Шаһизада өзінің әнін рұқсатсыз орындап жүрген Ерке Есмаханға өкпелеп жүргенін айтты деп хабарлайды "Ревю"бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Осыдан 30 жыл бұрын Шаһизада халық алдына алып шығып, клип түсірген "Өмірлік әнім болшы" әнді Ерке Есмахан ешкімнің рұқсатынсыз орындаған.
"Әуел бастан менің әнім екенін біледі ғой енді. 30 жыл бұрын клип те түсірдік. Бір ауыз келіп "Орындасам болады ма?" десе, рұқсат бермей қоймайсың ғой. Еркенің орындауында көріп, "сазгердің рұқсатын алған шығар" деп ойладым. Алайда Гүлнәр Дәукенованың өзі Еркенің мұнысы дұрыс болмағанын айтып отыр.Мені сыйламағандықтан осылай жасаған шығар. Әйтпесе, қазір қоңырау шалуға да болады ғой. Олай жасаған адам кішірейіп қалмайды", - дейді ашуға ерік берген Шаһизада.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген Шаһизада өзін бірнеше ер адамға сатып жіберген танымал актер туралы жайып салған болатын.
Сондай-ақ әнші өзі өмірге келмей тұрып, көріпкелдің "Шаһизада" деп есім бергенін де мәлім еткен еді.
Айта кетейік, Шаһизаданың жаңа туындыларын біздіңMusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.