САЛТАНАТ БАҚАЕВА АҚЫН САРА ТОҚТАМЫСОВАДАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Әнінің авторын есіне түсіре алмай, ұятқа қалған Салтанат Бақаева ел алдында Сара Тоқтамысовадан кешірім сұрады. Әнші өз тарапынан қателік кеткенін растап отыр. Алайда қасақана ренжітпегенін айтып ақталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Біріншіден бүкіл елдің алдында Сара әпкемнен кешірім сұраймын! Ағаттық, қателік кеткені рас! Бірақ оны әдейі мысқылдап немесе намысына тисем екен деген мақсатпен істеген емеспін! Оны Сара әпкем онсыз да түсінеді”, – дейді Салтанат.
Бақаева қателегін елге көрсеткен телеарнаға ренішін білдірді.
“Негізі түзеп айтқанмын бірақ, телеарна алып тастап менің қателескен жерімді көрсетіп отыр.. Бұрын аталарымыз жиі айтатын “жаманын жасырып,жақсысын асыратын” сөз қазіргі таңда жойылып кетті. Өкінішті. Құрметті оқырман тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ”, – дейді Салтанат.
Ал Тоқтамысова тегін қателестірсе де, Бақаеваға ренжімейтінін айтты. Ол, тіпті, алдағы уақытта Салтанатпен етене жұмыс істеуге дайын.
“Дайректі ашып қалсам осы суретті “скриншоттап” тұрып жіберіп жатқандар саны көп екен енді! “Неге бірдеңе демейсіз” – дейтінін қайтесіз..
Анау менің тегімді ұмытып қалды, мынау менің елімді білмейді екен деп бірімізді біріміз тілдеп, күндеп, тасадан тас ата берсек не құнымыз қалды? Салтанатқа әдемі әніне сөз жазып бергенім рас, алдыңғы шептегі әндердің қатарынан болуын тілеймін! Әлі талай туындыларына сөз жазып беремін! Салтанат өте кішіпейіл жақсы қыз, әрбір ісіне сәттілік тілеймін тек!” – дейді ақын.