ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы азаматтар арасында қоғамдық қабылдау жүргізді.
Онда қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы шараларға мән берілді. Осы мақсатта «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен облыстық медицина орталығы, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы, облыстық перинаталдық орталығы, облыстық балалар ауруханасы, Қызылорда қалалық аурухана, № 1, № 3, № 4, № 6 қалалық емханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді.