Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 22 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АРУ МАЛ БОРДАҚЫЛАУДЫ КӘСІП ЕТТІ

22 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АРУ МАЛ БОРДАҚЫЛАУДЫ КӘСІП ЕТТІ

     Қызылорда қаласының тұрғыны Карина Шыныбаева мал бордақылау кәсібін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаланың іргесіндегі Қарауылтөбе ауылынан жер алып, шаруа қожалығын ашқан Карина жылқы бағып қана қоймай, құстың түр-түрін өсіріп отыр. 
«Бизнесімді бастау үшін Қызылордадағы кәсіпкерлер палатасынан кеңес алдым. «Бастау» жобасынан кәсіптің қыр-сырын үйренуге тырыстым. Көптен бері ойымда жүрген жоспарым - мал бордақылаумен айналысуға бел байладым. Себебі, Сыр өңірінің халқы жылқы етін көп тұтынады. Әсіресе, қысқы соғымға алатын адам көбейеді. Бизнес идеям қолдауға ие болып, «Аграрлық несие корпорациясы» 10 миллион теңге несие берді. Оған 30-ға жуық жылқы сатып алып, бордақылаудың қамын жасап жатырмыз. Бұдан басқа тауық, күркетауық, қаз, үйрек асырап отырмыз», – дейді жас кәсіпкер.
Карина Шыныбаева 17 жасында тұрмыс құрған. Қазір екі баланың анасы. Оспановтар әулетіне келін болған оның кәсібіне ата-енесі мен жолдасы қол ұшын беруде.
01 қараша 2018 ж. 1 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам