Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВТЫҢ ЖЕКЕ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

ҚҰДАЙБЕРГЕН САРЖАНОВТЫҢ ЖЕКЕ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

   Қызылорда облысы Арал ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржановтың туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын жеке мұражайының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құдайберген Саржанов 1937 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1983-1991 жылдары Қазақ ССР балық шаруашылығы министрі қызметін атқарған. 2003 жылдан бері «Шарткен ата» қоғамдық бірлестігін құрып, Арал өңірінде балық түрлерін молайтуға күш салып келеді. Аталмыш шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, мұражайдың маңыздылығына тоқталып, жиналған көпшілікті жаңа мұражайдың ашылуымен құттықтады.  
«Суреттер сыр шертеді» деп аталатын бұл тарихи мұражайда Арал ауданына және осы өңірдегі балық шаруашылығына қатысты деректер, фотосуреттер мен экспонаттар сақталған. Мұражайдың ашылу салтанатынан соң, Құдайберген Саржановтың замандастары, шараға қатысушы қонақтар жаңа мұражайды аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.
05 қараша 2018 ж. 1 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам