Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 19 ЖАСТАҒЫ ФРАНЦУЗ ЖІГІТІ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ (ВИДЕО)

19 ЖАСТАҒЫ ФРАНЦУЗ ЖІГІТІ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ (ВИДЕО)

    ПСЖ футбол клубының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory сараптамалық компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды, - деп хабарлайды Спорт-Экспресс тілшісі. Зерттеу орталығы француздың құнын 216,5 миллион еуроға бағалап отыр. Ол Франция ұлттық құрамасында 2018 жылдың әлем чемпионы және турнирдің үздік жас ойыншысы атанды. Сондай-ақ Мбаппе ФИФА нұсқасы бойынша жыл командасына қосылды. ПСЖ құрамында Франция чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. Осы маусымдағы 11 матчта Мбаппе 13 гол салып, 13 ассист жасады.  
Әлемдегі ең қымбат 10 ойыншы қатарына Харри Кейн (197,3 миллион еуро), Неймар (197 миллион еуро), Мохаммед Салах (173 миллион), Филиппе Коутиньо (171,3 миллион), Лионель Месси (170,6 миллион), Рахим Стерлинг (164,6 миллион), Ромелу Лукаку (164,3 миллион), Деле Алли (163,4 миллион еуро) және Антуан Гризманн (157,7 миллион) кірді.  Ал қазіргі "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду тізімге кірмеді. Футболшылардың құнын бағалау кезінде CIES Football Observatory сарапшылары эксклюзив алгоритмді пайдаланады. Онда спортшылардың жасы, қызметі, алаңда жиі ойнауы мен салған голдары, клубтардың және ұлттық командалардың жетістіктері және чемпионат деңгейі ескеріледі.

kaz.tengrinews.kz

06 қараша 2018 ж. 1 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам