Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САРЫАРҚА ТӨСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛ ЖОБА

САРЫАРҚА ТӨСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛ ЖОБА

   Елордамыз – Астана қаласын «Көгілдір отын» игілігін қамтамасыз ету мақсатында «Сарыарқа» магистралді газ құбыры қолға алынды. Ол Қызылорда облысы аумағында орын тепкен «Қараөзек» компрессорлы станциясынан бастау алады.
Бейсенбі күні өңірлік коммуникация қызметінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері аталмыш станцияда болып қайтты. Баспасөз турының көздегені Президенттің бесінші әлеуметтік бас­тамасы – «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде станция жұмысы мен «Сарыарқа» магис­тральді газ құбырының құрылыс жос­парымен танысу.
«Қараөзек» станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымында қашықтықта орналасқан. Ағымдағы жылдың сәуір айында іске қосылған «Бозой» станциясы бойынша жұмыс істейді. Компрессорлық орталық «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының өткізгіштік қабілеттілігін 10 млрд. текше метрге жеткізуге мүмкіндік береді.
Газ айдау орталығы Латвия, Германия, АҚШ, Ресей, Түркия елдерінен әкелінген газ айдаушы агрегаттар мен озық үлгідегі техникалармен жабдықталған. Станция аумағында газ құбырлары, газды есепке алу торабы, тәуелсіз электростанция және басқа да инфрақұрылымдық нысандары орналасқан. Олардың ішінде жұмыстың ең күрделі режиміне арналған элемент – АҚШ-тың компаниясы «Solar Turbines» үш газ-турбиналық қондырғысы. Барлық үш агрегат қатар қосылғанда компрессорлық станцияның өнімділігі тәулігіне 43,5 млн. текше метр газды құрайды.
Станция басшысы Талғат Милеевтің айтуынша, мұндағы жұмыс процесі қарапайым. «Жаңажол» газ өңдеу зауытынан келген «көгілдір отын» ең алдымен тазартудан өтеді. Таза газ тиісті қысымға дейін сығылады. Қоқыстан тазарту және сығу  барысында көгілдір отынның температурасы көтеріледі. Бұдан соң белгі бір межеге дейін салқындатып, келесі станцияға жөнелтеді.
Қазіргі таңда мұнда жүзден аса азамат еңбек етеді. Барлығы өз ісін жетік білетін мамандар. Станция қызметкерлеріне жағдай жасау мақсатында жақын жерден вахталық қалашық тұрғызылуда. «Интергаз Орта Азия» АҚ бас инженерінің орынбасары Азамат Ермағанбетов: «Жыл соңына дейін осындағы қызметкерлерге арналған вахталық қалашық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі таңда станция әкімшілігі мен көлікжай құрылысы қатар жүргізілуде. Бұл нысандар өз кезегінде жұмысшылар жағдайының жақсаруына септігін тигізеді», – деді.
Бұл станцияның миссиясына Астана қаласы мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру да кіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы: «Қазақстанның орталық аймақтарын, Астананы «көгілдір отынмен» қамтамасыз ететін газ құбыры желісін жобалап, оны жүзеге асыруға кірісу керек. Бұл – көп шығынды қажет ететін жұмыс, алайда газға тәуелділіктен құтылу үшін мұны жасау қажет. Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін мемлекет, сондықтан елімізді газдандыру үшін қандай қиындыққа болса да қарамай, бұл іске кірісуге тиіспіз», – деген болатын. Бұдан кейін,  тиісінше «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда аталған жобаның бірінші кезеңіне даярлық жұмыстары аяқталып қалған
– «Сарыарқа» МГҚ жобасы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, тамыз айының аяғында қорытындысы алынды. Алғашқы кезеңнің құрылысы 267 млрд. теңгені құрап отыр.Жалпы ұзындығы 1000 шақырымға созылған газ құбыры Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағынан өткізіледі. Оның 178 шақырымы Сыр өңірінде жасалады. Жобаны іске асыру барысында 800-ге жуық адам уақытша, құрылыс аяқталған соң 220 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Аймақта газ қысымы деңгейін реттеу мақсатында тағы екі бірдей компрессорлық станция салынуда. Қазалы ауданы Ақсуат елді мекені мен Аралға қарасты Сексеуіл ауылында тұрғызылып жатқан бұл нысандардың құрылысы биыл аяқталуы тиіс, – деді  облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.
                                                     Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
10 қараша 2018 ж. 1 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам