Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ВАНГАНЫҢ БОЛЖАМДАРЫНА СЕНЕСІЗ БЕ?

ВАНГАНЫҢ БОЛЖАМДАРЫНА СЕНЕСІЗ БЕ?

    Көпшілік әйгілі көріпкел Ванганы жиі айтады. Рас келуі мүмкін бе? Жалпы, ол кім? Қайдай болжамдары бар?
Ванга 1911 жылы 31 қаңтарда дүниеге келді. 1996 жылы 11 тамызда қайтыс болды. Ол Болгарияда өмір сүрген. 12 жасында көз жанарынан айырылды. Алып құйынға тап болған ол, тірі табылғанда көзін тас, құм, лай басып қалған деседі. Нәтижесінде соқыр болды.
Ванга 16 жасында болжап айтып бастайды. Әкесіне ұрланған қойын табуға көмектеседі. Жасырынған қойдың есік алдын дәлме-дәл сипаттап береді. Оның сәуегейлік қасиеті 30 жасқа толғанда шынайы қалыптасты.
Көптеген мемлекеттік қызметтегі адамдар Ванганың көмегіне жүгінетін болған. Адольф Гитлердің өзі шақыртыпты. Ол Ванганың үйінен шыққанда абыржулы болып шыққан көрінеді.
Ванганың болжамдары:
Солардың бірі – 2004 жылғы алып цунамидің болатыны немесе егіз-мұнараларға шабуыл жасалатыны жайлы болжамдар. Ал, қазір оның соңғы – 2016 жылы мұсылмандардың Еуропаға басып кіретіні жайлы жорамалы орындалып келе жатқан сияқты дейді зерттеушілер.
Ванга әжей Қытай 2018 жылы әлемдегі «бірінші держава» болатыны жайлы айтқан. Оған қоса, сол жылы Венера планетасынан «энергияның жаңа формасы» табылатынын айтқан.
Атақты көріпкел АҚШ-тың жағдайы нашарлайтынын және «Афроамерикалық» президент солтүстік еліндегі соңғы «әрекеттегі» президент болатыны жайлы болжаған. «Афроамерикалық» президент АҚШ президентінің міндеттерін орындайтын соңғы президент болады деп айтқан болатын.
Вангелия Пандева Димитрова 1989 жылы егіз-мұнаралардың шабуылға ұшырайтыны жайлы айтқан болатын: «Сұмдық! Америкалық бауырлар темір құстың шабуылы салдарынан құлайтын болады. Қасқырлар бұта түбінде ұлитын болады және жазықсыз қан төгіледі».
Айтқаны айдай келді. Нью-Йорктегі әлемдік сауда орталығы 2001 жылы 11 қыркүйекте терактінің салдарынан құлады. Егіз мұнаралар - «Brothers» (бауырлар) немесе террористер мінген ұшағы - «Темір құс», «the bush» (бұта) АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джорж Бушты меңзеген болатын.
Тай жағалауында жойқын цунами болатынын да ескерткен. «Үлкен толқын ауылдарды адамдарымен қоса жайпап өтетін болады. Барлығы су астында қалады».
Сонымен:
Сәуегей әйелдің ең таң қалдыратын болжамы 1980 жылы айтқаны болатын: 1999 немесе 2000 жылы Курск су астында қалады және бүкіл әлем жылайтын болады. Болжамның сол уақытта еш маңызы болмағанымен, жиырма жыл өткен соң болжамның рас екенін айғақтады. Ресейдің атомдық суасты қайығы 2000 жылғы тамыз айында жазатайым оқиғаға тап болған еді. Cу қайығы Курск қаласының атымен аталған болатын.
Және соңында ең фантикалық, ең апокалипсистік болжамы: «3797 жылы Жер бетінде тірі адам қалмайды» деп айтып кеткен.
2023 жылы Жер орбитасында айтарлықтай өзгешіліктер болады.
2025 жылы Еуропа тұрғындары соғыс нәтижесінде жойылып кетеді
2028 жылы Жердің басқа да қуат көздерін табуға үміттеніп, Венера сияқты планеталарға саяхаттауға талпыныс жасайды.
2033 жылы Полюстардың еруінен судың деңгейі өседі.
2076 жылы Коммунизмның Еуропаға мен басқа да әлемге қайта оралуы.
2084 жылы Табиғаттың қайта жандануы.
2100 жылы Жаңа күн планетаның қараңғы тұстарына жарық түсіреді. Бұл 2008 жылы басталған ғылыми жоба, ядерлық энергияны пайдалану арқылы жасанды күнді орнатуға байланысты болуы мүмкін.
2170 жылы Жаһандық құрғақшылық.
2187 жылы Екі алып вулканның атқылауы.
2480 жылы Екі жасанды Күн бір-бірімен соғысады, Жер толық түнекке айналады.
3005 жылы Марстағы соғыс планетаның траекториясын өзгертеді.
3797 жылы Жер өледі. Бірақ, адамзат дамып кеткендіктен, жаңа күн жүйесіне өтеді.
5079 жылы Жер жүзі аяқталады делінген.
                                               ДАЙЫНДАҒАН: Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

12 қараша 2018 ж. 2 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 448 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам