ЕР АДАМ IPHONE САТЫП АЛУ ҮШІН БІР ВАННА ТИЫН БЕРДІ

"Дүйсенбіде біздің дүкенге екі адам келді, олар тиынға толы ванна көтеріп келді. Олар iPhone сатып алғысы келетіндерін және ваннада 100 мың рубль жатқанын айтты", - дейді дүкен өкілі. Оның айтуынша, сатып алушылар iPhone XS құрылғысын таңдап алған. Оның құны - 100,99 мың рубль. Ол тиындарды санауға 1,5-2 сағат уақыт жұмсағанын айтып отыр. Сатып алғаннан кейін жігіттер ваннаны көтеріп шығып кеткен. Оның ішінде әлі де тиындар жатқан. Ваннаның шойыннан не пластиктен жасалғаны белгісіз. Apple компаниясы 12 қыркүйекте үш жаңа смартфонды таныстырды - iPhone XS, iPhone XS Max және iPhone XR.
kaz.tengrinews.kz