Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНДАҒЫ АУЫЗСУ НЫСАНЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

ШӘМЕНОВ АУЫЛЫНДАҒЫ АУЫЗСУ НЫСАНЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

    Аймақ басшысы бүгін М.Шәменов ауылдық округіндегі ауыз су нысанының ашылуына қатысты.
М.Шәменов ауылдық округінде ашылғалы отырған ауыз су нысаны құрылысының сметалық құны 289 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмысының бас мердігері – Қылмыстық - атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ауыз су нысанының ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз алып, алдағы уақытта да ауданның құрылыс қарқыны одан әрі қарыштап, сәулетті де дәулетті жобалар ел игілігіне жүзеге асуына тілектестігін білдірді.
- Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – бүгінгі таңдағы басты назарда тұрған міндеттердің бірі. Өйткені, су-тіршіліктің көзі, денсаулыққа үлкен ықпалы бар. Бүгін М.Шәменов ауылының тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, елдің тағы бір әлеуметтік мәселесі шешімін тауып жатыр. Елбасы Үкіметке және әкімдерге ауыз су мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген. Соның аясында қазір республикада орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 95 пайызға жеткізген республиканың 17 аймағының ішінде ең алдыңғы қатарда келе жатқан облыс – Қызылорда облысы, - дей келе ауылдағы шешімін таппаған мәселелер біртіндеп шешімін табатынын жеткізді.
Сондай-ақ, шара барысында М.Шәменов ауылдық округі ардагері Алтынай Каюпова сөз сөйлеп, ел игілігіне бағытталған жарқын жобалардың жүзеге аса беруіне тілектестігін білдіріп, алғаусыз алғысын білдірді.
«Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Тәттібаев Бекболат ауыз су нысанындағы қондырғылармен таныстырды.  
Айта кету керек, соңғы 5 жыл ішінде Жалағаш ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кент және 9 елді мекенде ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, Қаракеткен,М.Шәменов елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін Мырзабай ахун елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

14 қараша 2018 ж. 1 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам