МАЙТАЛМАНДАР МАРАПАТ БИІГІНДЕ
Естеріңізге сала кетсек, 15 қараша күні Қызылорда қаласындағы ауыз су жүйесінде ақау орын алды. Нәтижесінде Арай-2 және Сырдария мөлтек аудандарында су уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар ретке келтіріліп, тұрғындарға ауыз су толықтай берілді. Осыған жағдайға байланысты, Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев коммуналдық сала қызметкерлерін қабылдады.
– Қарашаның желді қара суығында ешкім қол қусырып отырған жоқ. 30-дан астам адам күшейтілген режимде жұмыс жасады. Қазір жағдай толық бақылауда. Осы ретте, аталған жұмыстардың басы-қасында жүріп, күздің ызғарына қарамастан үздіксіз еткен еңбектеріңізге қала тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіремін – деді қала әкімі.
Жиында шаһар басшысы «Қызылорда су жүйесі» мекемесі мен төтенше жағдайлар қызметінің бірқатар мамандарын марапаттады. Сондай-ақ, «Милиоратор»ЖШС, «Механизатор»ЖШС және «Дәнекер»ЖШС мекемелерінің бірқатар қызметкерлеріне қала әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Жалпы қаладағы су құбырларының басым бөлігі 1968-жылы салынған. Бірақ оларды қалыпқа келтіру мақсатында елімізде инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бар, бекітілген. Елбасы Жарлығымен жүзеге асып жатқан осы бағдарлама негізінде Қызылорда қаласының да инфрақұрылымы біраз жаңарды. Осы күні қаладағы су құбырының басым бөлігі жаңасына ауыстырылды.
Мұнан соң, қала әкімі мәдениет саласы қызметкерлерін Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы медалімен марапаттады. Атап айтқанда, «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің әртісі Қайрат Өтебаев, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Самат Абылаев және оркестрдің концертмейстері Әлімжан Әбсадықов марапат биігінен көрінді.
Сонымен қатар, қала әкімі ақын, режиссер-сценарист, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Оңталап Нұрмахановты 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.
– Өздеріңізге белгілі, өткен қыркүйек айында қаламыздың екі ғасырлық мерейтойы тойланды. Сондай-ақ, қараша айының 8-і мен 17-сі аралығында барлық аудандар мен Байқоңыр қаласында Қызылорда қаласының мәдениеті мен өнері күндері аталып өтті. Қаламыздағы мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мәдениетіміздің шоқтығы әрқашан биік болуы сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі деп білемін, – деді Н.Нәлібаев.
Жиын соңында бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Биболат Сәтжан.