Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ЖЫЛ ЖЕМІСІ

   Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермекбай Құдайбергенов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер төңірегінде М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде қаланың шеткі аймақ тұрғындарына есеп берді. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысты.
    Ең алдымен жергілікті жұртшылыққа жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермекбай Құдайбергенов қаладағы қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында атқарылған жұмыстарды мәлімдеді.
 Қазіргі кезде әрбір жүйелі жұмыс өз нәтижесін көрсетуде. Атап айтсақ, қоғамдық орында, көшеде, мас күйінде, бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс төмендеді. Ал, бұзақылық, алаяқтық пен ұрлық мәселесі де біршама есеге азайған.
Кездесу барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
   – Өткен жылы қаланың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. Соның нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Өткен жылы қала бюджеті трансферттерді қоса есептегенде 30 млрд. 831 млн. теңге көлемінде бекітілді. Ерекше айта кететін жайт, жыл соңында бұл көрсеткіш 43 млрд. теңгеге жетті, – деді өз сөзінде қала басшысы.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық саласына мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер жасалып, егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мәселен, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары мен «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы халыққа жеңілдікпен несие берілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде қала көлемінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында наурыз-желтоқсан айлары аралығында тұрақты түрде ауылшаруалығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізілді.
Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында. біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, қаладағы ауыз су құбыры 60 пайыздан астам толық жаңартылды. Осыған орай Қызылорда қаласы толығымен таза, жер асты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір шаһарға айналды.
   Сонымен қатар, жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Оған бес жылдың ішінде 8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Ауқымды жобалардың нәтижесінде, қаламызда жаңадан 12 шағын аудан бой көтерді. Осылайша жеті мыңға жуық тұрғын жаңа пәтердің кілтін алды. 
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибалулла Құттықожаев сөз сөйлеп, өз пікірін білдірді.
                                                                                                                    Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
05 ақпан 2018 ж. 1 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам