БОКСШЫ ФИРУЗА ШӘРІПОВА ЖЫЛ АДАМЫ АТАНДЫ
Екі салмақ санатында чемпиондық белдіктердің иесі, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты марапаттау рәсімі бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жыл сайынғы шара осымен 19-шы рет өткізіліп отыр. Жеңімпаздарға жобаның бас жүлдесі - «Алтын Адам» мүсіншесі, «Қоғамдық мойындау» және «№1 Жыл таңдауы» медальдары тапсырылды. «Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығының «Жыл спортшысы» номинациясында жеңімпаз атанды. Спортшы өз кезегінде жанкүйерлеріне алғысын білдіре отырып, оның басты мақсаты - кәсіби бокста абсолютті әлем чемпионы атану екендігін айтты. Сондай-ақ ол еліміздің туын ең жоғары халықаралық деңгейде желбіретіп жүргенін және әйелдер арасындағы қазақстандық боксты әлемде танымал етуге күш салатынын айтып өтті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығына опера әншісі Зарина Алтынбаева, суретші Анар Әбжанова, кинорежиссер Ақан Сатаев, ғылым қайраткері Маратбек Ғабдуллин және тағы басқалар ие болды. Айта кетейік, бұған дейін «Жыл спортшысы» аталымында боксшы Қанат Ислам, Олимпиада ойындарында жүзуден алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық Дмитрий Баландин, WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин, ауыр атлет, үш салмақ санатында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин сияқты спортшылар жеңіске жеткен. Фируза Шәріпова аталған сыйлықтың лауреаты атануы мүмкіндігін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Еске салайық, боксшы қыз алдағы 22 желтоқсан күні WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстреммен Санкт-Петербургте кездеседі. Айтулы бокс кешін «Хабар» телеарнасы Астана уақытымен 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді.