IELTS ПЕН TOEFL ТАПСЫРҒАНДАР ҰБТ-ДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН БОСАТЫЛАДЫ

2019 жылы шет тілін білетіні туралы халықаралық сертификаты бар оқушылардың "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босатылуы туралы норма енгізіледі. Егер оқушылардың IELTS, TOEFL және басқа да халықаралық сертификаты болса және олардың көрсеткіші 6,0 және одан жоғары болса - бұл айтарлықтай жоғарғы балл, яғни бұл оның ағылшын тілін жақсы меңгергені туралы айтады және сол себепті ол осы пән бойынша тестілеуден босатылады. Ол тек сертификатын көрсетіп, нақты баллды алады", - деді Аймағамбетов. Оның айтуынша, бұл тәжірибе магистратураға тапсырушылар үшін қолданылғанын айтады. Сертификаттың мерзімі өтіп кетпеуі қажет.