Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫТАЙДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ШЫҚТЫ

ҚЫТАЙДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК ШЫҚТЫ

Қаза болған қазақстандық қыз студент емес, Қытайға күнкөріс қамымен барған. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді деп жазады Sputniknews.kz. 
Смадияровтың айтуынша, марқұм Гуанчжоу қаласының маңындағы Фошань қалалық округінде тұрған. Оның денесі Фошаньнан Гуанчжоу қаласына жеткізілді. 
«Біздің Бейжіңдегі консул бірден марқұмның туған-туысқандарымен байланысқа шықты. Бүгін Қытайда қайтыс болғаны туралы куәлік рәсімделді. Біздің консул да жан-жақты көмек көрсету үшін Гуанчжоуда жүр. Жақын арада оның мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп ойлаймыз», – деді ол СІМ-де өткен апта сайынғы брифингте. 
Көз жұмған қазақстандық қыздың аты-жөні – Динара Еренова, 1995 жылы туған. Смадияров марқұмның Қытайға оқу үшін емес, жұмыс істеуге барғанын айтты. 
«Оның неден көз жұмғаны белгісіз. Өйткені Қытайда мәйітті сою процесі заң бойынша 30 күнге созылатындықтан, туысқандары бұдан бас тартты. Сондықтан олар қыздың денесін Қазақстанға әкелуді көздеп отыр», – деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 
Ал Қазақстанда сараптама жасала ма, жоқ па, оны енді туыстары шешеді.  
Еске сала кетсек, осы жылдың 21 қарашасында Қытайдың Гуанчжоу қаласында қазақстандық студент қыз көз жұмғаны хабарланған еді.
27 қараша 2018 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам