Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МҰХТАР ӘБІЛЯЗОВ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

МҰХТАР ӘБІЛЯЗОВ ӨМІР БОЙЫНА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхтар Әбілязовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әбілязовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталған болатын. Мұхтар Әбілязовке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакциясында) 28-бабының 3-бөлігінде, 96-бабының 2-бөлігінің «ж» «з» тармақшаларында (адам өлтіруді ұйымдастыру, адамды жалдаумен пара-пар, пайдакүнемдік мақсатта алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен өзге адамды қасақана өлтіру)  көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген айып тағылды. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың ақпан айында Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған өңіраралық соты бизнесмен, бұрын ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болған, 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәдиді 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болатын. Сотта Мұратхан Тоқмади жақындары үшін алаңдағанын, оған қоқан-лоққы көрсетіліп, отбасы бұл қысымнан қорыққандығын, сондай-ақ Мұхтар Әбілязовтен Ержан Тәтiшевтi өлтiру үшiн екі траншпен 4 миллион доллар көлемiнде сыйақы алғанын мойындаған. Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжеғали Кенжебеков Мұхтар Әбілязовті 28-баптың 3-бөлігінде, 96-баптың 2-бөлігінің «ж, з» тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды жасады деп танып, өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол қылмыстық-атқару жүйіесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемесінде жазасын өтеуі тиіс. Бұдан тыс, сотталған Әбілязовтің үш жыл мерзімге банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысуына да тыйым салынды. Әбілязовтің ісі 15 томнан тұрады. Процесс барысында жүзден астам куәгерден жауап алынды. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айтқан сөздерін растады. Сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.
27 қараша 2018 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 521 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам