ҒАЛЫМДАР АРТЫҚ САЛМАҚТАН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА НЕ КӨМЕКТЕСЕТІНІН АЙТТЫ
Астық тұқымдастар бауыр мен майлы тіндерде липидтердің жиналуын азайтып, холестерин деңгейін төмендетеді, деп жазады sputniknews.kz.
ңтүстік Корея ғалымдары қара күріш артық салмақпен күресуге және семіздіктің алдын алуға көмектесетінін анықтады.
Қарындағы майды кетірудің құпиясы ашылды
Ғылыми топ артық салмағы бар зертхана тышқандарына зерттеу жүргізген. Сынақ барысында кеміргіштерді қара күрішпен қоректендірген.
Зерттеу барысында астық тұқымдастар бауыр мен майлы тіндерде липидтердің жиналуын азайтып, холестерин деңгейін төмендететіні анықталды. Осылайша, қара күріш калориясы жоғары тағамның салдарын жоюға көмектесіп, артық салмақ қосу жылдамдығын азайтқан.
Зерттеушілер атап өткендей, ақ күрішке қарағанда қара күріштің құрамында антиоксидант, ақуыз және жасұнық көп, ал қант аз болады. Бұған қоса, қара күріште гликемиялық индекс төмен – небәрі 42,3, ал ақ күріште бұл көрсеткіш 64-ке тең. Сондықтан қара күріш диеталық өнім саналады.