Илья Ильин Катарда өтетін халықаралық жарысқа қатысатын болды

Спортшы 19-23 желтоқсанда Катардың астанасында өтетін жарыстарға қатысуды жөн көрген. Ол 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Сонымен қатар жарыстарға тағы 8 қазақстандық қатысады.
Аталған сайыстар 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дәрежелеу аясындағы екінші лицензиялық бастау болып табылады.
Қазақстан құрамасының бапкері Юрий Мельников аталған сайыстарға қатысу өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жарыс қазақстандықтар өз мүмкіншілігін тағы да көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол тамаша нәтижелерге қол жеткізетіндерінен үмітті екенін айтты.