Қызылорда облысы жаңа уақыт белдеуіне көшті

Сыр өңірінде табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл бедерінде жиі көтеріліп келе жатқаны белгілі. Түрлі ғылыми-зерттеу институттары да өмір сүру ритмінің бұзылуы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін растады. Облыста уақытты өзгертуге байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оған қатысушылардың 70 проценті уақыт белдеуін өзгерту қажет деген пікір білдірген. Байқоңыр қаласының уақыты да Қызылорда облысымен бірге төртінші сағаттық белдеуге сәйкестендірілді.
Облыс әкімдігінің ресми парақшасында облыс әкімінің сағат белдеуі туралы екі тілде мәлімдемесі жарияланды. Сондай-ақ, облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда қаулының толық мәтіні жарық көрді. Жергілікті телеарналарда арнайы бейнероликтер көрсетілді. Айта кетер жайт, қала мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгертілмейді.