Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы "Жайдарман" сайысы

Жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы "Жайдарман" сайысы

  Н.Бекежанов атындағы драма театрында Мемлекеттіік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қызылорда облысы әкімдігі және "Қазақстан КВН одағы" ҚБ облыстық филиалымен бірлесе отырып жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында "Жайдарман" ойынын ұйымдастырды.
Ойынға облыс, қала, барлық аудан әкімдіктерінен және облыстық соттар әкімшісі мен төтенше жағдайлар департаментінен, барлығы 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткен көңілді тапқырлардың сайысына қоғамның жегі құрты - сыбайлас жемқорлық тақырыбы арқау болды.
Қызықты да тартысты өткен ойында І-орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Құтқарушылар» командасы иеленсе, ІІ-орын Жалағаш ауданы әкімдігінің «Б корпусы» командасына және ІІІ-орын Қызылорда облысы әкімдігінің «Акимат микс» командасына берілді.
«Үздік ойыншы» номинациясына «Құтқарушылар» командасының ойыншысы Кенжебек Кеңесов лайық деп танылды. Сайыс жеңімпаздары Департаменттің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш жайдарман ойыны – «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай облыста жарияланған арнайы айлық аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бірі.
21 желтоқсан 2018 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам