Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қолөнер – қазағымның қазынасы

Қолөнер – қазағымның қазынасы

   Бүгінде қолөнер шеберлерінің қатары көбейіп келеді. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, өз кәсібін дөңгелентіп, халыққа қызмет етуде. Соның бірі – Қарлығаш Ілиясова. «Қарлығаш» орталығының негізін қалаған қолөнерші. Осы күндері азаматтарға білім беретін оқу орталығының біріне жетекшілік жасап келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту ұйымдастырылуда. Оқытуды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталығы тізіліміне енген орталықтар жүргізуде.
Қарлығаш Ілиясова осыдан 10 жыл бұрын Қырғыз елінен атамекеніне көшіп келді. Алғаш келген кезде тек күнкөріс қамы үшін ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тұтынушыға ұсынды. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді ойластырып, кәсіпкерлер палатасынан кеңес алды.
– Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естідім. Оған өзімнің бизнес-жоспарымды ұсынып, қайтарымсыз қаржыға қол жеткіздім. Осылайша, шағын шеберхана ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туды, – деді кәсіпкер.
Одан бөлек үйінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, кәсібін одан әрі ұлғайтуды көздеді.
–  Жалпы, қолөнерде біраз нәрсені үйреніп, өзгелерге де үйретіп келемін. «Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Былтыр ЭКСПО көрмесінде Елбасы менің туындыларыма жоғары бағасын берген болатын. Ол жерде ұлттық киімдерді де көрсеттік. Аталмыш дүниелер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігілді. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен, әр адамның қалтасы көтеретіндей, – деді
Қарлығаш Ілиясова.
Бүгінде Қарлығаш Ілиясова – Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде жоғары бағаланып, өзі алғыс хаттар және дипломдармен марапатталған. Сондай-ақ, кәсіпкердің ұлы мен қызы да ана жолын қуып, ұлттық киім тігумен, зергерлік бұйымды дайындаумен айналысады.
Қазір шебердің үлкен шеберханасы бар. Облыс әкімдігі мен Қолөнер шеберлер Одағының басшылығы Қарлығашқа шеберлер орталығын ашуға көмектесті. Осы жерде өңірдегі қолөнер шеберлері жиналып, өз тәжірибесімен бөліседі. Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандар оны халыққа жеткізу жолдарын, оны заманауи үлгіде ұсыну түрлерін қарастырады.
Биыл ол Сыр өңірінде өткен «Сән мен сахна» халықаралық дизайнерлер фестивалінің жеңімпазы атанды. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз еткісі келеді. Ең бастысы, ұлттық өнерімізді жаңа қырынан дамытып, жаңғыртуды жоспарлап жүр.
                                                                               Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.       
24 желтоқсан 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам