Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жігітті сындарлы сәтте сынайды

Жігітті сындарлы сәтте сынайды

   Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір топ азаматқа мемлекеттік марапат табыс етті. Олардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ермекбек Пазлиев те болды. Ол Елбасы лайық деп тапқан «Айбын» орденін кеудесіне тақты.
Өрт сөндіруші мамандығы үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қарбалас қас-қағым сәт адам өмірін сақтау жолында тынымсыз тер төгуді міндеттейді. Сындарлы сәтте сыр бермейтін мамандық иелері қай кезде де ерлікпен пара-пар әрекет қылады.
Мұндай құрметке ие боламын деп күткен жоқ едім.
Елбасыдан марапат алған кезімдегі әсерім ерекше. ді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Ерекше күйге ендік. Республика бойынша менен басқа төрт әскери азаматқа марапат табыс етті. Елбасы бізге алғысын жеткізді. Марапат – жалғыз менің жұмысым емес, аймақтағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметкерлердің, өрт сөндірушілердің, күнделікті кезекшілікте қызмет жасап жүрген әріптестерімнің ортақ жеңісі деп білемін. Осындай қызметтік міндетімді бағалап, мемлекеттік награда табыстаған барлық азаматқа алғысымды айтамын, – деді Е.Пазлиев.
 Е.Пазлиев бала кезінен әскери киім киген ағаларға қарап ер жетті. Сол сезім жетегімен жүріп, 2004-2007 жылдар аралығында Арыс қаласында әскери келісім шарт негізінде аға механик болып қызмет атқарды. 2007 жылы әскери саладан босатылып, өрт сөндіруші қызметіне келді. Әрбір қызметінде елге өз пайдасын тигізуді мақсат етті.
Күнделікті  қатермен бетпе-бет келіп жүрген Ермекбек өз мамандығының қыр-сыры жайында әңгімелеп берді.
– 2009 жылы «Арысқұм» кентінде мұнай бұрғылау кешені жарылып, сол жерде өрт сөндіруге қатысқанбыз. Қауіпті болғандықтан алғашқы кезде бойыңда қорқыныш сезімі орнауы мүмкін. Дегенмен, барлық ерік-жігеріңмен қызметтік парызыңды абыроймен атқару міндетім. Одан кейін қаламыздағы Аманкелді көшесіндегі №109 үйден өз еркімен далаға шыға алмайтын мүгедек адамды құтқарып, марапатқа ұсынылдым. Сонымен қатар, Бөкейхан көшесіндегі көпқабатты үйдің 5 қабаты өртеніп, төрт бала, 2 үлкен адам далаға шығарылды. Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүретіндіктен құрал-саймандарымыз сақадай сай, дайындығымыз жоғары болуы керек. Елге қызмет ету – азаматтық міндетіміз, қайратты болуға тырысамыз. Жауапты әрі қатерлі қызметті абыройлы атқарып жүргенімді мақтан тұтамын, – дейді ол.
Ермекбек кеудесінде жарқыраған «Айбын» орденіне көз салып, бір сәт ойға шомды. Сол күнгі оқиға көз алдынан көлбеңдей өтті. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Абай көшесінде 4 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтер өртеніп жатыр деген дабыл түсті. Шақырылған мекен-жайға өрт сөндіру жасағы уақытылы жетті. Барлау жүргізу кезінде байқалғаны үйдің іші көк түтін еді. Ермекбек ойланбастан бірден қызметіне кірісті. Пәтердің ішіне кірді. Осылайша, жатын бөлмесінде ес-түссіз жатқан 1975 жылғы әйел адамды құтқарып қалды. Дер кезінде алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыс етті. Әйел кісі екінші дәрежелі күйік алған екен. Міне, бүгінде сол ерлігі ескеріліп, үлкен марапатқа лайық деп танылды.
Ермекбек Пазлиев одан бөлек спорттың бірнеше түрімен айналысады. Осы салада бірқатар жетістіктерге де жеткен. Мәселен, гір спортынан 85 келі салмақ дәрежесінде облыс чемпионы атанып, құрама команда мүшесі болды. Отбасында жұбайы екеуі үш баланы тәрбиелеп отыр.
                                              Айтолқын АЙТЖАНОВА.
25 желтоқсан 2018 ж. 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам