БОЛАШАҚ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанттары Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімдерінде іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибенің соңғы күні курсанттар өрт сөндірушілердің шынайы қызметі туралы өз әсерімен бөлісті.
Арман Теңел бөлу бойынша №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне түсті және күнде таңертең ол кезекшілікке қарауыл бастығы ретінде тұрды. Бір айдың ішінде болашақ өрт сөндіруші институтта алған теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетті. Ол өзінің осы игілікті мамандығын таңдағанына өкінбейді, себебі әкесі Төребек Исмаиылов өрт сөндіруші ретінде жұмыс істеді және шамамен бес жыл бойы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметін атқарды.
Арман және оның курстастары практикада гидранттарды тексеруді үйренді, өрт сөндіру бөлімшесінің шығу ауданын жедел тактикалық жағдайда танысты. Өрт сөндірушілердің жетекшілігімен олар жас жауынгердің дағдыларын игерді, жабдықты күтіп, өрт-техникалық қару-жарақ пен жұмыс істеуді үйренді.
Курсанттың айтуынша оған психологиялық жаттығулар от жолағынан және жылу түтін камераны өту үшін ең қиыны болды. Осы кезеңдерде көптеген курсанттар физикалық дайындықты қажет ететінін түсінеді.