Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазақстанға аномаллдық аяз әкелген сібір антициклоны республиканың көптеген облыстарының ауа райына әсерін жалғастыратын болады. Алдағы тәулікте, әсіресе түнде қатты аяз сақталады. Бірақ батыс облыстарына циклон және атмосфералық фронттармен байланысты жылы және ылғал ауа массалары ене бастады", - делінген хабарламада. Осы циклонның шығыс бағытта жылжуымен кей жерлерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды.