Месси Роналдудың ұлылығын мойындады

Аргентиналық футболшының айтуынша, туриндіктер Роналду келмей тұрып та мықты болған, алайда оның келісімен команда айтарлықтай күшейген. Сондай-ақ, Месси мадридтік "Реал" - әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін, алайда оларға Роналдудың жетіспейтіндігі анық екенін айтады. Аргентиналық Испания чемпионаты аясында португалиялық сұрмергенмен қарсы ойнаған күндерін сағынатынын жеткізді. Осы маусымда Роналду "Ювентус"сапында 23 ойынға қатысып, 13 гол салды және бес рет нәтижелі пас шығарды. Португалиялық футболшы "Реалдан" туриндік клубқа биыл жазда 112 миллион еуроға ауысты.