Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шаһар шырайлана түспек

Шаһар шырайлана түспек

   Өткен жылды қызылордалықтар табысты аяқтады. Кәсіпкерлік, құрылыс, кез келген сала бойынша айтарлықтай жетістік бар. Былтырғы ауқымды іс биыл да жалғасын таппақ.
Айталық, құрылыстың көлемі 22 652,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,1 пайызды құрады. Қарқын алған жұмыстың біраз пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Бүгінде тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асыруда. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Елбасы жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды.
Осыған орай облыс бойынша атаулы бағдарламасымен екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеуге қаладағы «Нұр Орда» тұрғын ауданы, «Құралай» және «Ақбаян» тұрғын үй кешендерінен 100 пәтер дайын. Ондағы талапқа сай 1010 пәтерлік 21 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бұл үйлердің пәтерлері 2019 жылдың 1-тоқсанынан бастап өткізеледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауында 45 пәтерлік №27, 60 пәтерлі №28, 45 пәтерлі №29, 70 пәтерлі №30 үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ал, тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға облыстық бюджеттен кредит есебінен сол жағалауында 60 пәтерлік №23, 24, 25, 26 тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды қолға алынды.
Сонымен қатар, биылғы жоспарда Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үйлердің, әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарының құрылысына заманауи материалдарды қолдануына, интеллектуалдық басқару жүйелерімен жабдықталуына ықпал жасау және ғимараттың сапасына, экологиялық тазалығына, энергиялық тиімділігіне бақылау-қадағалау шараларын жүзеге асыру қолға алынбақ.
Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қала бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 62,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 6 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1096 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Сонымен бірге «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасының екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша шағын несиелендіру үшін республикалық бюджеттен 293 млн. 897 мың теңге бөлінді. «Даму» қоры арқылы 200 млн. теңге екінші деңгейлі банктерге орналастырылған болатын. Осы жылы да кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған барлық бағдарламалармен мүмкіндіктерді тиімді қолдану арқылы қала көлемінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыс өз жалғасын табатын болады.
Одан бөлек, 2019-2021 жылдардағы облыс бойынша тыңайған жерлерден егістік айналымына қайта қосу жоспарының Жол картасы жасалды. Ол бойынша жалпы 14,8 мың гектар егістікті айналымға алу жоспарланып отыр. Оған қоса осы жылы шырайлы шаһардың әсем келбетін айшықтайтын түрлі архитектуралық формалар орналастырылатын жаңа демалыс орындары мен саябақтар салынуы мүмкін. Соған орай Тұңғыш Президент саябағы Рәміздер алаңына дейінгі аумақта қосымша 36 гектарға кеңеюде.
                                                                       Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
04 қаңтар 2019 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам