Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордадағы жол апаты: Анасы да, баласы да тергелуде

Қызылордадағы жол апаты: Анасы да, баласы да тергелуде

   Қызылордада кәмелетке толмаған жасөспірім көлікпен адам қағып өлтірді. Осы оқиғаға орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім өткен жылдың 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында жол апатын жасап, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Автомобиль кінәлі тұлғаның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасына ескертпестен көлікпен қалаға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Осыдан кейін зардап шегушіні ауруханаға жеткізген. Алайда зардап шегуші алған жарақаты салдарынан осы жылдың 1 қаңтарында қаза болды. Жасөспірім өз кінәсін толық мойындап отыр және тергеу барысында анасының қарауына жіберілген», - деді Алмас Садубаев.
Сонымен қатар департамент басшысы көлік иесіне қатысты да сотқа дейінгі өндіріс басталғанын айтты. Яғни, жасөспірімнің анасы жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлігін жүргізуге бергені үшін айыпталып отыр.
«Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында», - деді ол.
06 қаңтар 2019 ж. 1 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам