Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР – ЕЛ НАЗАРЫНДА

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР – ЕЛ НАЗАРЫНДА

  Өткен аптада облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, халық қалаулылары, ардагерлер, тиісті сала басшылары қатысты. Бұл шараға қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов төрағалық жасады.
Алғашқы мәселе бойынша қаладағы жерлерді құжаттамалық түгендеудің барысы туралы қалалық жер бөлімінің басшысы Ғалымжан Еркебай мәлімдеді. Бас жоспарға сәйкес қаланың шекарасын қайта бекіту үшін облыстық бюджеттен 19,2 млн. теңге бөлініп, жобалық құжаттамалары бекітілді.
– Сонымен қатар, халқының саны 5 мыңнан жоғары Тасбөгет және Белкөл кенттерінің әкімшілік шекараларын қайта бекітуге 5 млн. теңге бөлініп, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал, қалған елді мекендердің даму сызбалары негізінде қайта бекіту үшін 38,6 млн. қаражат қажет, – деді бөлім басшысы.
Қала бойынша мүлдем құжаты рәсімделмеген 63 учаске анықталып, әкімдік тарапынан тиісті шаралар атқарылуда. Сондай-ақ, иесіз қалған жерлер, мұрагерлік рәсімделмеген, шешіммен, техпаспортпен жер иеленіп отырғандарға да ескертпе хат жолданды.
Келесі мәселеде республикалық және облыстық бюджеттен осы жылға бөлінген қаржылардың игерілуі барысы қамтылды. Жыл басында қала бюджеті 30 млрд. 831 млн. теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 41 млрд. 571,5 млн. теңгені құрады.
Жалпы, ҚР ұлттық қорынан «Нұрлы жер» бағдарламасымен қаржылар есепті мерзімге жоспары 2 млрд. 881,3 млн. теңге бөлініп, оның басым бөлігі игерілді. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген.
Қала және қалаға қарасты кент, ауылдық округтердегі көшелерді жөндеуге қаралған 1 млрд. 996,8 млн. теңгеден мемлекеттік сатып алудан үнемделген 21,8 млн. теңге игерілмей қалып, облыстық бюджетке кері қайтарылған. Есепті кезеңге қалалық бюджеттен бөлінген 22 млрд. 595,2 млн. теңге толығымен игерілді. Бюджет шығындары бойынша 97,2 пайызға атқарылған. Жыл соңына дейін қала бюджетінің шығындары толығымен игеріледі деп болжамдалуда.
Күн тәртібіндегі соңғы қаралған мәселе «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында көзделген міндеттердің іске асырылуы аясында болды. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов кеңінен баяндады.
– Бағдарламадан туындайтын «Рухани қазына» кіші бағдарламасының қаламызда жүзеге асуына қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына қалалық білім, «Атамекен» кіші бағдарламасына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасына қалалық ішкі саясат бөлімдері бекітілді. Жауапты мекемелер тарапынан 10 жоба әзірленіп, өңірлік офиске жолданды. Келісім алынғаннан кейін жоба жетекшісімен бекітіліп, жүзеге асырылатын болады, – деді Ш.Байманов.
Әр бағдарламаға орай әртүрлі бағытта шаралар өтпекші. Айталық, өнерге бейім балалардың өрісін кеңейту, «Жастар» театрын дамыту, «Менің көшемнің тарихы» жобасы, мақсаты – QR тақталар орналастыру арқылы қаланың, кент және ауылдық округ көшелерінің электрондық анықтамасын жасау, дарынды балаларға арналған орталық құру, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға арналған балалар туризмін дамыту жобасында Қызылорда-Жетіәулие-Сығанақ-Сауран-Түркістан бағыты бойынша туристік саяхат ұйымдастыру көзделуде. Оған қоса мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмайды.
Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында облыс орталығында атқарылатын шараларды ақпараттандыру, бағдарламалық мақаланы кең көлемді насихаттау мақсатында жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, арнайы 3 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Қала әкімдігі жанынан «Қызылорда қаласының 100 жаңа есімі» жобасы аясында Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, әр салада қызмет еткен тұлғаларды айқындау жөніндегі комиссия құрамы айқындалып, қала әкімінің өкімімен бекітілді. Жобаға ұсынылған 45 азамат туралы мәліметтер облыстық ішкі саясат басқармасына жолданды.
Бағдарлама бойынша қаладан шыққан, елге белгілі азаматтардың туған жерін қолдау бағытында атқарылатын іс-шараларға қатыстыру орайластырылған. Осы мақсатта түрлі маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жүрген азаматтардың тізімі жасалды. Олардың «Туған жерге тағзым» акциясына тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру шарасын қолдауға бағытталған облыстық желілік кестеге сәйкес күн сайын қала аумағындағы мекемелер және еңбек ұжымдарымен 87 шара ұйымдастырылып, қорытындысы облыстық ішкі саясат басқармасына жіберілді.
Жиын соңында депутаттар әрбір мәселеге жеке-жеке өз ұсыныстарын білдірсе, Наурызбай Байқадамов тұшымды ойымен қорытындылады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

14 қараша 2017 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам