Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондардың неліктен өшірілмегені белгілі болды

Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондардың неліктен өшірілмегені белгілі болды

  ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мұның себебін түсіндірді.
Қазақстанда тіркелмеген ұялы телефондарға қатысты ескерту жасалғанымен, тұрғындардың ұялы байланысы өшірілмеді. Заң бойынша, ұялы байланысы арқылы жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иелері операторға өзінің ЖСН нөмірін (егер жеке тұлға болса) немес бизнес-сәйкестендіру нөмірін (заңды тұлға) айтуы тиіс, деп жазады sputniknews. Өз сөзінде Абаев ұялы құрылғыларды тіркеу процесі қалай жүргізілетінін айтты. «Біздің өшіргенімізді сұрап отырсыздар ма? Бұл жұмыс бүгінде тіркелмеген адамдарға қатысты үнемі жүргізіліп жатыр. Барлық байланыс операторымен жұмыс жүргізілуде. Біздің қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше, адамдардың телефонды қолданғанын қалаймыз», – дейді министр. Қазіргі уақытта абоненттер ұсынған мәліметті салыстырып тексеру процесі жүргізіліп жатыр. Бұл процесс аяқталған бойда шешім қабылданады, дейді ол. Сонымен қатар министр Қазақстан аумағындағы интернет қолжетімділігі мәселелеріне қатысты пікір білдірді. Ол «үнемі істемейтін интернет туралы хабарламаның» жалғаны екенін атап өтті. «Мерзімді түрде техникалық себептер болып тұрады. Біздің тараптан мұндай ақау жоқ. Министрлік үнемі бұл мәселемен айналысады. Біз жекелеген өңірлердегі, қалалардағы әр оператордың байланыс сапасын тексеріп отырамыз», – дейді ведомство басшысы. Өз сөзінде Абаев министрлік Желінің жұмысына ешқандай кедергі жасап отырмағанын айтты.
16 қаңтар 2019 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам