Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жас кәсіпкер – Азамат

Жас кәсіпкер – Азамат

   Бүгінде кәсіпкерлікке қатысты әртүрлі жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Zhas project» жобасы. Мұндағы мақсат – жастар корпусын дамыту үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық қайта құру және даму банкінің бірлесуімен қолға алынды.
Қоғамның әлсіз топтарын жұмысқа тартуға бағытталған жоба 14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлерге 1 миллион теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік береді. Жобаға тек жұмыссыз жастар қатыса алады. Басты мақсат – идея керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіп бастаушы өзін қолдайтын 3-5 адамнан тұратын топ құрады. Олардың да жас шамалары 14-29 жас аралығында болуы шарт. Серіктес ретінде туыс, достарын алуға болады. Одан соң жан-жақтан келген мамандар арнайы оқыту тренингтерін өткізеді. Жоспар құрып, кәсіпті ашу жақтарын үйретеді.
Әлеуметтік жобаны облыстың кез келген аудан, ауылдарында жүзеге асыра алады. 1 миллион теңгеге жуық грант бизнес бастаушыға қайтарымсыз беріледі. Бірақ, әлеуметтік жоба грантын жеңіп алған жас жарты жыл халыққа тегін қызмет көрсетуі тиіс. 2000-нан астам қазақстандық жобасын ұсынып, 600-ге жуығына қолдау болған. Жастар жылыжай, тігін цехы, тіл курстары мен түрлі үйірмелер ашқан.
 Өткен жылы Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстары қатарға енді. Соның ішінде Қызылорда қаласынан Ақсуат ауылында қарқынды дамуда. Айталық, «Zhas Project» жобасы аясында ақсуаттықтар 7 жобаны жүзеге асырмақшы. Мәселен, 2 шаштараз, компьютерлік қызмет көрсету, жас фермер клубы, ешкінің емдік сүті, жылыжай және пластик есік-терезе жасау цехы.
Аталмыш жобаны қолға алып, ауылдағы ағайынға қызмет етіп отырған жастардың көшбасшысы – Азамат Бектібай.
– Бүгінде технологиялық дамыған заманы болғандықтан біз компьютерлік қызмет орталығын ашуды жөн көрдік. Облыс әкімдігінің ұйымдастырған жәрмеңкесінен көшірме қағаздарын жеңілдікпен алдық. «Мечта» дүкенінде өткен акцияда түрлі түсті принтерді 7, ноутбукті 8 пайыз жеңілдікпен алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, керекті жабдықтарды қамтып алып, жұмысты бастадық, – деді жоба иесі.
Ашылғанына біршама уақыт болса да, орталық мамандары ауылдың көп балалы аналарына, «Күміс», «Алтын» алқа иелерлеріне тегін қызмет көрсетті. Сонымен қатар, мектептегі тұрмысы төмен отбасылардың балаларына да қолдан келгенше көмек беруде. Ал, ақжаулықты аналар алғысын айтуда.
Азаматтың айтуынша, бастаған істі сәтімен жалғастыру. Сонымен қатар, алдағы уақытта орталықтың ауқымын кеңейтіп, елге өз пайдасын тигізуді көздеп отыр. Жалпы, Ақсуат ауылында осындай жас кәсіп иелерінің қатары көбейіп келеді. 
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
20 қаңтар 2019 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам