Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ

   Бүгінде облыста соңғы буын өкілдеріне ерекше назар аударылып келеді. Оның ішінде жұмыссыз жастар түрлі бағдарламалар бойынша қолдау алуда. Сондай істің бірі – «Жастар корпусын дамыту» жобасы. Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен іске асқан жоба туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев және Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким мәлімдеді.
  Бұған дейін аталмыш шара Алматы, Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асқан. Пилоттық бағдарлама арқылы жоба қатысушысына 1 млн теңге қайтарымсыз грант беріледі. Тіпті, арнайы шәкіртақысы бар. Басталғанына аз уақыт болғанмен  оған қатысқан қаншама жас кәсіпкер атанып үлгерген.
  – Мұнда соңғы буын өкілдерін әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылғандарды қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру мақсат етіледі. Игілікті шара Қазақстанда алғаш рет қолға алынған. Жастар 3-5-тен топтасып, әлеуметтік жоба әзірлеп, оны конкурстық комиссияға ұсынады. Жүргізілген іріктеу нәтижесінде олар айлық курстарға жіберіледі. Курс соңында әлеуметтік жобаларды одан әрі дамыту үшін гранттар беріледі. Ең жоғары грант сомасы – 1 млн теңге.
Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Осы жылдың 20 мамыр - 20 маусым аралығында гранттық конкурсқа қатысуға өтінім қабылданады. Ал, іріктеу 21 маусым мен 21 шілде аралығында өткізіледі.
  –Ең басты басымдылық оқымайтын және жұмыс істемейтін, жұмысы болса да, жалақысы төмен жастарға беріледі. Өткен жылы жобаға Қазақстанның төрт облысынан шамамен 2000 қатысушы қамтылған. Биылғы жылы бұл меже 3500 адамға жетеді деп жоспарлануда, – деді Вера Ким.
                                                                    Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
23 сәуір 2018 ж. 1 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам