Инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Инспекторды өлтірді деген күдіктілер Қызылордада ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.
«Бүгін ІІМ Қызылорда облыстық криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жеке үйде арнайы операция жүргізу нәтижесінде Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын өлтірді деген күдіктілерді ұстады. 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында қызметтік бабында рейд шаралары барысында оған браконьерлерлер шабуыл жасаған», – деді Садубаев.
Айғақтарды жинау және бекіту мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасады. Осыған дейін, «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді. Кім болса да жауапкершілікке тартылады - Лукин инспекторды өлтіру жайлы «Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған.