Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсібі бардың нәсібі бар

Кәсібі бардың нәсібі бар

    Бүгінгі күні Сыр өңірінде кәсіпкерлікті дамыту сан қырынан көрініс тауып келеді. Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету, өзгеден де үйрену, тәжірибе алмасу қажеттігі алға тартылуда. Соңғы жылдары біздің аймақ кез келген сала бойынша алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы өсу өңір экономикасының ажарын кіргізіп, әлеуетін арттыра түсті. Экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде саналатын салада оң нәтижеге қол жеткізілді. Жаңа жобалар жалғасын тауып, жұмыс орындары ашылды.
Былтыр жалпыұлттық телекөпірде Елбасы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Еңүздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын табыстады. Айта кетерлігі, аймақ басшысының бастамасымен өңірде 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Осы бағыттағы жоғары жетістікке бағытында Қызылорда қаласында атқарылған істер аз емес.
ҚАНША ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ?
Мемлекет тарапынан жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер нәтижесінде қаланың бизнес климаты жақсарды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгеріс бар. Қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтерде шағын және орта бизнесті дамытудың басты көрсеткішіне талдау жүргізілді. Былтырғы есеп бойынша 3207 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 3267 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға артқан.
– Бүгінде облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының 48,8 пайызы қаланың үлесінде. Жыл көлемінде өз кәсібін жүргіземін деген азаматтарға «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 2563 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жол картасы» бекітілді. Бүгінгі күні карта аясында жалпы құны                          8 миллиард 303 миллион теңге болатын 444 жоба жоба іске қосылды. Соның арқасында 585 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жанмұрат Сейілов.
Жыл басынан бері кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жалпы құны               8 миллиард 241 миллион теңгені құрайтын 73 кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Ол бойынша 1726 адам еңбекпен қамтылды. Ал, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 7 миллиард 274 миллион теңгені құрайтын 76 жоба қолдау тапты. Аталған бағдарлама аясында өткен жылы қаладан қайтарымсыз грант алуға құны 426 млн. теңгені құрайтын 171 жобаның құжаттары конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, жалпы құны 63 млн. теңгені құрайтын 52 жоба қолдау алды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 23 жобаға немесе 55,7 пайызға көбейді.
Оған қоса, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында қалада 604 миллион 120 мың теңгені құрайтын 146 жоба шағын несиелендіру арқылы қаржыландырылды. Осы көрсеткішті өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 48 пайызға көбейген.
– Аталмыш бағдарлама аясында жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған. Гранттар бастапқы бизнесті іске асырғысы келетін қатысушыларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейінгі мөлшерде қажетті инвентарь, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға ұсынылады. Комиссия шешімімен барлығы құжат тапсырған 63 азаматтың ішінен Қызылорда қаласы мен оған қарасты елді мекендерден 50 адамның жобасы қолдау алды, – деді Ж.Сейілов.
 ЖАС КӘСІПКЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК
Жыл басынан бері облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан облыс тұрғындарының қатысуымен 692 млн. 580 мың теңгені құрайтын 242 бизнес-жоспар әзірленді.
– Соңғы кезде кәсіппен айналысқысы келетіндер көбейіп келеді. Әрине, оларға тиісті бағыт-бағдар беріп, бағдарламалар бойынша оқытып, ісін бастап кетуге ықпал етудеміз. Айталық, «Өз кәсібін жүргіземін» деген азаматтарға «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 2563 қызмет көрсетілді, – деді бөлім басшысы.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жыл басынан бері 7915 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 5417 азамат шағын және орта бизнес құрылымдарына орналастырылды. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасында  211 адам, «Бизнес-Бастау» бағыты аясында 80 адам  оқытылып, сертификат алды.
Осындай оңды істердің нәтижесінде облыс орталығында кәсіпкерлік көкжиегі кеңейе түсті. Келешекте әрбір қызылордалық азамат өз ісін жүргізіп, зор пайдаға кенеліп жатса, одан ел экономикасы өрістей түсетіні белгілі. Бүгінгі әрбір жаңалық сол игілікті істің алғашқы көрінісі дей аламыз.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
22 қаңтар 2019 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам