Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Түркістанда өзінен кіші балаларды ұрған жасөспірімнің анасы халықтан кешірім сұрады (видео)

Түркістанда өзінен кіші балаларды ұрған жасөспірімнің анасы халықтан кешірім сұрады (видео)

     Түркістанда жасөпірімдер өздерінен кіші балаларды соққыға жыққан еді. Бір бұзақының анасы халықтан ұлы үшін кешірім сұрады. Бұл туралы “Отырар” басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды
“Бүкіл ата-анадан кешірім сұраймын. Балам үшін кешіріңіздерші мені”, — деді ана көз жасын тыя алмай.
Прокуратура облыстағы мектептердің директорларын жинап алып, оқиғаға қатысы бар адамдардың жазаланатынын мәлімдеді.
Мамандардың сөзінше, оқиға Түркістанда үш мектепте оқитын балалардың арасында орын алған. Қазір осы іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстарының негізінде тек қана оқушыларды емес, ата-аналарды, мектеп әкімшілігін, ювеналды инспекторларды жауапкершілікке тарту жоспарланған.
“Инцидент қатысушыларының әрқайсысына процессуалды баға беріледі. Тергеу жұмыстарының талаптарына сәйкес іске қатысты басқа ақпарат айтылмайды. Департамент осы қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады”, — деп хабарлады құқық қорғау органының қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік,  әлеуметтік желілерде оқушылардың бір-біріне жасаған озбырлығы түсірілген бейнежазба лезде таралып, қоғамның нарызылығын тудырған еді. Бұзақылық жасағандардың барлығы анықталды
24 қаңтар 2019 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам