Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Озат ауданда озық істер көп

Озат ауданда озық істер көп

   Қармақшы ауданында халықтың әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, экономикалық көрсеткіштер өскен. Өңірде кейінгі жылдары әлеуметтік нысандар салынып, жергілікті тұрғындар игілігін көріп келеді. Олардың қатарында денсаулық сақтау, спорт, білім беру, мәдениет салаларына тиесілі нысандар бар.
         Ауданда аграрлық салада ауқымды істер басым. Былтыр аудан диқандарының ала жаздай еккен еңбегі өтеліп, күріштің әр гектарынан 58,5 центнер өнім алынды. Ел қамбасына барлығы 81 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылған. Айта кетерлігі, биылдан бастап қармақшылықтар дәстүрлі күріш дақылынан өзге де майлы дақылдарды, соның ішінде сояны өндірістік негізде өсіруді қолға алмақ.
         – Бұл суды аз талап етеді, нарықта сұранысқа ие. Биыл біз "Тұрмағамбет" ЖШС негізінде осы дақылды егуді бастаймыз. Ал, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында жаңа нысандар құрылысы басталды. "Жаңажол" серіктестігі қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауытын іске қосты. Оған қосымша астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Сұлтан Мақашов.
         Сондай-ақ, ауданның өнеркәсіп саласында да атқарылып жатқан иігілікті шаралардың ауқымы кең. Мәселен, Ақтөбе елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылған жағдайда ауданда азық-түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жем қорын дайындауға қажетті дақылдар егу көлемін арттыруға, сол арқылы егіс саласын әртараптандыруға өзінің зор ықпалын тигізбек.
         Ауданда автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да ерекше назар аударылып отыр. Былтыр "Батыс Европа-Батыс Қытай" автодәлізінен Дүр Оңғар, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен Төретам кентінің және ІІІ Интернационал ауылдарының кірме жолдарына, сондай-ақ, "Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев" жолының күрделі жөндеу шараларына тиісті қаржы бөлінген. Бүгінде жұмыстар толық өз мәресіне жеткен. Сонымен қатар, ол аудан аумағынан шалғай жатқан елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көркейту-көгалдандыру мен көше жолдарын жөндеу ісіне де ерекше басымдық беріп отырғандығын жеткізді.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
27 қаңтар 2019 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 599 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам