Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ

ДИҚАН ҚАУЫМЫНА ҚҰРМЕТ

  Биылғы жылы Қармақшы ауданы бойынша 23702 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары орналастырылса, 14209 гектар жерге ауылшаруашылығы саласының негізгі өнімі болып табылатын күріш дақылы орналастырылды.
Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға, ал күріш көлемі 184 гектарға, мал азығындық дақылдар көлемі 612 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 8 гектарға, көкөніс 46 гектарға, және мақсары дақылы 638 гектарға көбейсе, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша егін шаруашылығына 655,79 млн. теңге субсидия берілді. Аудан диқандарының ала жаздай еңбегі ақталып, 14209 гектар күріштің әр гектарынан 59,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сондай ақ, жаздық бидайдан 2424 центнер, мақсарыдан 1960 тонна, картоптан 9512 тонна, бақша дақылдарынан 11220 тонна өнім жиналса, 60000 тонна мал азығы шөп дайындалды. Күзгі егін жинау жұмыстарына 151 трактор, 95 комбайн, 75 жатка, 62 жүк автокөлігі және 139 трактор тіркемесі жұмылдырылды. Жыл сайын облыс бойынша жеңімпаз атанып, жарыстың алдын бермейтін Нұрлан Іздібаев бастаған «Ақтөбе и К» ЖШС ұжымы, Орынбасар Төлепов басшылық жасайтын «Жаңажол» серіктестігі мен Пірмантаев Нұржан жетекшілік ететін «Тұрмағамбет» ЖШС-і және Арифов Миляр басқаратын «Достық Жер МК» ЖШС-і биылғы жылы да шабысынан жаңылмай аймақтағы шаруашылық құрылымдары арасынан мәре сызығын алғашқылардың бірі болып қиды. Мал басын өсіру, мал өнімдерін өндіру бағытында жасалып жатқан жұмыстар нәтижесінде ет, сүт көлемі артып, «Қармақшы» ЖШС, «Ибрагим» шаруа қожалықтары түйе малын асылдандыру ісінде оң нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Сондай-ақ «НұрБерЕр», «Абылай», «Саяжан», «Ернұр», «Рахман», «Ертілеу», «Нұрислам» және «Бертай» шаруа қожалықтары да «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сиыр малын өсіруге жұмыс жасап отыр. «Жыраулар үйі» алаңында аудан өнерпаздарының аймақ ауылшаруашылығы саласы майталмандарына арнаған қойылымымен басталған мерекелік салтанатты шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов қатысып, биылғы жылғы егін жинау науқанында үздіктер көшін бастаған егіншілер мен ауыл шаруашылығы саласының басқа да түрлері бойынша озат атанған сала майталмандарына «алғыс хат» табыстап сый-құрмет көрсетті. Салтанатты шарада аудан көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
07 қараша 2017 ж. 1 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 083 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам