Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫДА КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ

ҚАРМАҚШЫДА КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ

 Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын ерекше қарқын алып келеді. Өңірдің қай саласында болмасын өсу тенденциясы байқалады.
Мәселен, биыл аймақта былтырғымен салыстырғанда егістік көлемі айтарлықтай ұлғайған. Аудан диқандарының ала жаздай еккен еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан 59,5 центнерге жуық өнім алынды. Ел қамбасына барлығы 84 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылған. Бұл деңгей өз кезегінде соңғы жылдарда орын алған ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Осылайша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6 млрд. теңгеден астам қаржыны құраған. Ал, аталған салаға 81,7 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов баяндады. Жиын барысында ол ағымдағы жылдың соңғы 9 айын қорытындылап, аймақта қолға алынған жарқын бастамаларды сөз етті. Оның айтуынша, қармақшылықтардың жеке кәсіп ашуға деген қызығушылығы басым. Бүгінде мұнда түрлі бағыттағы 3000-нан астам кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайызға өскен. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 11 жоба несиелендірілген. Ал, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 5 жобаға қаржылай қолдау білдірілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ақтөбе және К» ЖШС ықпалымен «Зәкірлі» құс фабрикасы іске қосылмақ. Қуаттылығы жылына 1500 тонна өнім шығаратын нысанның бүгінде құрылысы қарқынды түрде жүруде. Болашақта кәсіпорын 80 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда. – Бүгінге дейін ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күрделі болып келген еді. Қазір бұл жағдай өз шешімін тапты. Ағымдағы жылы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 6 жобаны іске қосуға қаржы бөлінген еді. Республикалық бюджеттен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар ауылында тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысына қаржы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылыс нысаны бойынша үйлерге тиісті шаралар жасалды. Енді жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі жүргізілу үстінде. Жалпы, ауданға қарасты ірілі-ұсақты 29 елді мекен болса, олардың 18-і толық ауыз сумен қамтамасыз етілді, – дейді аудан әкімі.Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарын табиғи газбен жабдықтау мақсатында оларды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосу, дәлірек айтсақ, облыс халқын газдандыру бағытындағы жұмыстар Қармақшыда да жүйелі жалғасын табуда. Бүгінде аталған жұмысты жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 55,6 млн. теңге көлемінде қаржы қаралған. Нәтижесінде мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, ұзындығы 14,8 шақырым болатын жоғары қысымды газ құбырларының құрылыс-монтажы жүргізілуде. Аудан әкімі өз сөзінде қармақшылықтардың да табиғи газ игілігін көретін күні алыс емес екенін жеткізді. Ал, ауданның оң имиджін қалыптастыруда білім беру саласындағы жарқын жетістіктер де ықпал етуде. Жалпы, бұл бағытта мұнда барлығы 32 білім ұйымы жұмыс жасайды. Ал, онда салалық жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13 мыңнан астам оқушы білім нәрімен сусындауда. Олардың білім көрсеткіші де жаман емес. 2016-2017 оқу жылында аудан шеңберінде бітірген түлектердің 79,17 пайызы ұлттық бірыңғай тест тапсыру мүмкіндігіне ие болып, жалпы орташа балл 82 пайызды құрады. Сөйтіп, облыс бойынша алғашқы үздік төрттіктің қатарынан көрінді.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
20 қараша 2017 ж. 1 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам