Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионы атанды!

Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионы атанды!

   Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Ел чемпионатында Қызылорда облысының командасы жоғары жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте  1-орынды жеңіп алды.
Команда құрамында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов, спорт шебері Бексұлтан Бостандықов және спорт шеберіне үміткерлер Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов шеберлік байқасты.
Ұлттық ойын ұлықталған дүбірлі додада 4 спортшымыз, Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир АхметовҚазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Жарысқа 13 команда қатысты,жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы  екінші, Павлодар облысы үшінші орындарды иеленді.
Енді үстіміздегі жылдың 14-20 ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында өтетін ҚР командалық чемпионатына облыс құрамасы қатысады.
29 қаңтар 2019 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам