ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Астана қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетті.
Облыстың аға жаттықтырушысы Хәкімжан Елеусінов жетекшілік жасаған жерлестеріміз дүбірлі сайыста 12 жүлдеге (5 алтын, 3 күміс, 4 қола) ие болып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
Жекелей сында блицтен Дамир Ахметов пен Ерасыл Пернебаев (екеуі де Сырдария), классикадан Ермұхаммед Әлайдар (Жаңақорған) мен Рауан Ыбырай (№2ОРМБЖМ) және рапидтен Нұрай Мектепхан (Сырдария) Қазақстан жеңімпаздары атанды.
Блицтен Жантөре Аманқос (Сырдария), Ақерке Кенжебекова (ЖСШМ), рапидтен Балнұр Айжарық (№2ОРМБЖМ) күміс жүлделерді иемденді. Классика және блиц түрлерінен Асылбек Қаржаубаев (№2ОРМБЖМ) 2 қола жүлделерге қол жеткізсе, блиц бойынша Балнұр Айжарық (№2ОРМБЖМ), классикадан Ұлдана Маханбетамин (ЖСШМ) үшінші орыннан көрінді.
Жарыс нәтижесінде шілде айында Моңғолияда жастар арасында өтетін Азия чемпионатына облысымыздан Дамир Ахметов, Рауан Ыбырай және Ақерке Кенжебекова жолдама алды.
Сондай-ақ, ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1,2 орындарға ие болған спортшылар ҚР ұлттық құрама командасының құрамына кіреді. Тоғызқұмалақтан облыс спортшыларының спорттағы жеңістеріне, жүлделеріне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбектерінің зор екенін айтуға болады.
Жалпы жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 15 команда 300-дей спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Батыс Қазақстан облысы (3 алтын, 2 күміс, 2 қола) екінші, Ақтөбе облысы (3 алтын, 1 күміс) үшінші орындарды еншіледі.