Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұрсұлтан Назарбаев өзін тойына шақырған жас жұбайларды құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев өзін тойына шақырған жас жұбайларды құттықтады

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзін тойына шақырған жас жұбайларды құттықтады. Астана қаласының әкімі жастарға елбасының құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Жас жұбайлар 2017 жылы елордада танысқан екен. Жас жігіт «ЭКСПО» көрмесінде жұмыс істесе, қалыңдық халықаралық экспозицияны тамашалуға келген көрінеді. Алайда екі жас сол кезде көрмеде көрісе алмапты. Жарты жыл өткен соң Айдар мен Айнагүл әлеуметтік желілердің бірінде хат алмасқан. Анықтай келе, олар бір үйде тұратын көрші болып шыққан. Шаңырақ құруы маңдайымызға жазылған, дейді Айдар.
Үйлену тойының алдында күйеу жігіт мемлекет басшысының батасын алуды жөн көрген екен. Қаңтарда жас жігіт Ақордаға электронды хат жолдап, үйлену тойына елбасыны шақырған.
«Бұл бастапқыда менің идеям болды. Бұл күннің мәңгіге есте қалғанын қалаймын. Біріншіден, екеуміздің де әкеміздің көзі тірі емес. Сол себепті Ұлы адамдардың батасын алсақ, нұр үстіне нұр болар еді деген ой келді. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі біз Қазақстанның тұрғындары емеспіз бе?! Кез келген жағдайда адамдарға жақсылық тілесең, өзіңе еселеп қайтады. Оның үстіне, елімізде «Жастар жылы» басталды. Мұның бәрі тағдыр іспетті. Әртүрлі қалалардан келсек те, бізді Астана байланыстырды. Кездестік, отбасын құрудамыз, мен бұған өте қуаныштымын, Елордада өмір сүріп жатқаныма бақыттымын», – дейді Айдар Сүлейменов.
   Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жас жұбайларға президенттің құттықтау хатын табыстады. Сұлтановтың айтуынша, елбасы жас жұбайлардың шақыру хатын ыстық ықыласпен қабыл алып, Айдар мен Айнагүл Сүлейменовтарды отбасылық өмірге қадам басуларымен құттықтады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қос ғашыққа зор денсаулық, бақыт пен жарқын болашақ тіледі.
«Елбасы және Астана тұрғындарының атынан сіздерді шын жүректен неке қию күнімен құттықтаймын! Осы жылды мемлекет басшысы Жастар жылы деп жариялағанын білесіздер. Бұл – сіздер сияқты азаматтарға деген артылған үлкен үміт, берілген орасан мүмкіндік. Осыған орай, Астанада жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру, денсаулығын сақтау, шығармашылық бастауларын қолдау бойынша көп жұмыстар жасалады. Менің білуімше, Айдар Қарағанды облысынан, ал Айнагүл Ақмола облысынан Астанаға келдіңіздер. Сіздерді табыстырған – елордамызда өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі. «ЭКСПО» – Елбасымыздың стратегиялық жобасының бірі. Өздерің де көрдіңдер, көрменің берген әсері де, жаңалығы да өте көп. Елордамызды жастардың арманы орындалып, махаббатына қол жеткізетін мекен деп атауға болады. Сондықтан сізге махаббат, татулық пен келісім тілеймін!» – дейді қала басшысы
02 ақпан 2019 ж. 1 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам