Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ІХ «BAIKONYR INVEST» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІХ «BAIKONYR INVEST» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

  Бүгін Қызылордада халықаралық әріптестікті дамытуға арналған ІХ «Baikonyr invest» инвестициялық форумы жұмысын бастады. Форумға халықаралық және отандық бизнес саласының өкілдері, қаржы институттары мен корпорациялардың, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері, сондай-ақ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Турция, Оңтүстік Корея, Польша және басқа да мемлекеттердің делегациялары қатысуда. Инвестфорумның ұйымдастырушысы - "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен Қызылорда облысының әкімдігі.
Инвестфорумның пленарлық отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады.
"Атап өтуіміз керек, бұл форум алдыңғы форумдарға қарағанда өзгеше. Біз "Халықаралық әріптестікті дамыту" тақырыбын кездейсоқ таңдағымыз жоқ. Әрі Ресей, Қытай, Өзбекстан және Ираннан келген делегацияның қатысуымен секциялық отырыстарды ұйымдастырудамыз. Соңғы жылдары осы мемлекеттермен тығыз әріптестік қатынас орнаттық және алдағы уақытта да қарым-қатынас нығаяры сөзсіз", - деді облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы.
Форум аясында қатысушылардың инвестициялық жобаларының көрмесі, сонымен қатар Ресей, Иран, Қытай және Өзбекстан елдерімен өзара ынтымақтастықтың келешегі тақырыбында секциялық отырыстар, В2В, G2B, G2G кездесулер өтті. Нәтижесінде ынтымақтастық туралы отызға жуық келісім мен меморандумға қол қойылды.
"Бізбен әріптестік орнатуға ниетті азаматтарды бірлесіп, тиімді жұмыс істеуге шақырамыз. Біз инвесторлардың барлық ұсыныс-тілегін құп көреміз. Инвесторлардың жайлы әрі тиімді еңбек етуі үшін қажетті жағдайдың барлығын жасаймыз. Жұмыс істейтін жандарды бағалаймыз және кәсіпкерлер үшін ең жақсы жағдай жасаймыз», - деді аймақ басшысы.
Форумның пленарлық отырысында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ғалымжан Қойшыбаев, Өзбекстан Республикасы Навои облысының әкімі Кабул Турсынов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Еркін Шаймағамбетов және әріптестікке мүдделі компаниялар, дипломатиялық өкілдіктер мен халыаралық және отандық қаржы ұйымдарының, даму институттарының өкілдері сөз сөйледі.
Форумның екінші күнінде меймандар түркі әлемінің абызы Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш кешенінің мұражайымен танысады.
15 қараша 2017 ж. 1 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам