Алматыда ер адам лифтінің шахтасына құлап мерт болды
Алматы, BAQ.KZ. Қазір бұл іс бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде, деп жазды Zakon.kz.
Алматы қаласының Алғабас ықшам ауданындағы үйлердің бірінде ер адам лифті шахтасына құлап көз жұмды. Қайғылы жағдайдың қалай болғандығы түсірілген бейне әлеуметтік желіде таралуда. Видеода көрсетілгендей ер адам лифтіні шақырады, біраз уақыт күткен соң ол жедел сатының есігін өзі ашады. Ары қарай видео үзіліп кетеді. Белгілі болғандай лифт алтыншы қабатта тұрған, ал ер адам бесінші қабатта болған, есікті өз күшімен ашқан ары қарай құлап кеткен.
Бұл жағдайды қалалық Полиция департаменті де растады: «Аталған факті бойынша 59 жастағы ер адам көз жұмды. Қазір Алатау аудандық Полиция басқармасы бұл іс бойынша тергеу амалдарын жүргізуде», - деді департамент өкілдері.